Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжайық халқын толғандырар жайт көп

c 09:42, 07/02/2018 c 761

0:00 / 0:00

Облыс басшысының Ақжайыққа сапары алдымен Чапаевтағы коворкинг орталықтың жұмысымен танысудан басталды. Нағыз тың идеялар мен ауқымды жобалардың бастауы болар бұл жерде белсенді жастар бас қосқан. Орталықта тегін ғаламтор қызметі ұсынылып, түрлі шараларды жүзеге асыруға барлық жағдай жасалған.
Ақжайық ауданының басшысы Әділ Жоламанов өз есебінде ең алдымен ауыл шаруашылық саласына тоқталды. Ауданда ірі қара мал саны 10,9 пайызға, ұсақ мал 3 пайызға артқан. Мал тұқымын асылдандыру мәселесі де шешімін табуда. Ауыл шаруашылыққ құрылымдары 2017 жылы 1200 бас мүйізді ірі қара, 76 бас жылқы, 462 бас ұсақ мал сатып алып, нәтижесінде асылдандыру ісі еселеп артып келеді. Қазіргі күні ауылшаруашылығы саласындағы жерлердің 74 пайызы айналымда.
Аудандағы кәсіпкерлік саласында да қарқын бар. Былтыр кәсіпкерлер қатары 2 пайыздан астамға артып, осылайша 3 мыңнан астам тұрғын жұмыспен қамтылып отыр. өткен жылы ақжайықтық кәсіпкерлер 1100 млн. теңге несиеге қол жеткізген. Биыл да құны 270 млн. теңгені құрайтын 22 обьектіні іске қосу жоспарлануда. Газдандыру мәселесіне келсек, қазір тоғыз жолдың торабында орналасқан бұл ауданның 91,8 пайызына көгілдір отын тартылды. Ал қалған 11 елді-мекенге газ жеткізу жұмыстары биылға жоспарланып қойылған.
Жол жөндеу мәселесі қашанда өзекті. Өткен жылы Чапаев, Тайпақ ауылдарында соқпақ жол салынған. Биыл да Чапаев, Алғабас, Ілбішін ауылдарының кіреберіс жолы мен аудан орталығындағы 8 көшенің мәселесі қолға алынбақ.
Атқарылған игі істер мен жоспарлар сараланған соң ауыл тұрғындары көкейкесті мәселелерін ортаға салды. Аудан тұрғындары бірқатар білім ордаларының апатты жағдайда тұрғанынын айтып, қазір құрылысы қолға алынған мектептердің жайын да назардан тыс қалдырған жоқ.
Жаңабұлақ ауылынындағы 2 бірдей шаруа қожалық жетекшілерінен жазбаша хат түсті. Олар 2016 жылы етке тапсырған 8 млн 600 мың ақшаларын ала алмай жүргендерін айтып, аудан басшысына шағымданады. Әкімнің сөзінше, бұл Батыс Марқа ламбтың тек екі шаруа қожалығына берешек қарызы екен. Ірі мекеменің қарызы бүгінде 34 млн теңгеге таяп қалған. Мекеме мәселесінен хабардар аудан әкімі мәселенің таяу арада шешілетінін айтты.
Аудан халқы жол көлік оқиғалары мен төрт түліктің жолда өлуіне де алаңдайды.
Бұдан соң облыс әкімі сөз алып, тұрғын үй мәселесі мен ауданға жас мамандарды тарту мәселесін көтерді.
Айта кетелік, биыл ауданда 218 жер телімі халық игілігіне берілмек. Сондай-ақ, кезекте тұрған отбасыларға арналған 3 қабатты 24 пәтерлі үйдің құрылысы да қолға алынуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.