Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақжайық" командасы ерледі

c 00:00, 18/05/2015 c 751

0:00 / 0:00

Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасы аясында жергілікті аяқ допшылар өз алаңында Шымкенттің "Қыранын" ойсырата жеңді. Есептік көрсеткіш 5:1 есебімен аяқталып, "Ақжайықтың" жанкүйерлері жеңіске тігілген ұтыс ойынына ие болды. Алғашқы есепті әріптесі Иван Антиповтың добын қағып алып, дәл көздей білген Николай Забродин ашты. Бұл кездесуде Антиповтың қолы жеңіл болды. Екінші мәрте оның жолдаған добын Мальцев голға айналдырды. Ал 3-ші және 4-ші ұпайларды тағы да Мальцев және Матич Марушко орындады. Дәл осы сәттен соң, Шымкенттік "Қыранның" ойыншылары да қарқындарын арттырып, аяқ астынан "Ақжайықтың" қақпасына доп соғып үлгерді. Дегенмен, бұл сәтте басымдықтарын әбден дәлелдеп үлгірген жерлестеріміз қарсыласқа кері жауап қайтарып, сұр мерген Алексей Мальцев есепті 5:1-ге жеткізді. Жеңіске жету жолында команданың әр ойыншысының қосқан үлесі зор болды. Билығы маусымда жанкүйерлердің қолдауы "Ақжайықты" ерекше қанаттандырған сыңайлы. Алаңдағы үлкен жеңісті өз көзімен тамашалаған ҰОС-ның ардагері Халам Сүйіншалиев ерекше шаттанып, балалық шағын еске алды. Осы жеңістен соң "Ақжайық" турнир кестесінің 4-ші орнына көтерілді. Команданың кезекті кездесуі 24-мамыр күні Алматы қаласында "ЦСКА" командасына қарсы өтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.