Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақ жолдықтардың құтттықтауы

c 16:07, 25/12/2019 c 677

0:00 / 0:00

"Ақ жол" партиясының өкілдері балаларды жаңа жылмен құттықтады. Партия мүшелері Орал қаласында орналасқан облыстық көру қабілеті бұзылған мектеп-интернатының оқушылармен кездесіп, олармен бірге мерекелік ертеңгіліктеріне қатысты.

"Ақ жол" партиясының БҚО  өңірлік филиалы жылдағы дәстүрден жаңылмай бүлдіршіндерді құттықтауын жалғастырды. Партия өкілдері жаңа жыл қарсаңында облыстық көру қабілеті бұзылған мектеп интернатында тәлім алып жатқан оқушылармен жүздесіп, олармен бірге мерекелік кешті тамашалады.

Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған жаңа жылдық кеште балаларға жақсы таныс ертегі әлемінің кейіпкерлерін кездестіруге болады. Олар бастауыш сынып оқушыларымен бірге айтып, би билеп, ойын ойнап, жаңа жылдық шыршаның көркін келтірді.

Өнерлі бүлдіршіндер Аяз атаға арнап жаттаған өлеңдерін таныстырды.

Педагогтар жыл он екі бойы мектеп оқушыларын қолдап, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап жүрген "Ақ жолдықтарға" ризашылығын білдірді.

Жүзден астам бүлдіршінді қуантып жүрген партия өкілдері келешекте де өз жұмысымызды жалғастырамыз- дейді.

Қазіргі таңда мектеп-интернатта 140 оқушы білім алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.