Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақ жолдықтар" ардагерлерді құттықтады

c 14:23, 10/05/2018 c 976

БҚО 108 соғыс ардагері қалған. Сұрапыл соғыстың куәгерлері жыл санап азайып барады. Олардың ардақтап, құрметтеуді басты парыз деп білетін «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының өкілдері майдангерлерге үлкен көңіл болып, мерекемен құттықтап қайтты.
Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының өкілдері жастармен бірге таң атысымен ардагерлерді құттықтауға аттанды. Партиялықтар ең алымен Алевтина Тимофеевна Митрохинаның үйіне бас соқты. Биыл 93 жасқа толған ол қонақтарды көрген бойда жадырап сала берді, қуаныш үстінде тіпті өлең де оқып берді. Партия өкілдерімен бірге ардагерлерді құттықтауға халық қалаулысы Валерий Власов та аттанған болатын. Гүл мен сыйлығын қоса апарған ақжолдықтар Лидия Игнатьевна Губанованы да жылы лебізбен құттықтады. Майдан шебіне ол тоғызыншы сыныпты бітірген бойда тап болған. Сталинград, Курск, Днепр, Украина мен Польшадағы шайқастан өткен Семен Акимович Данилин де қаламызда тұрады. Ардагер биыл 103 жаста. 100ге дейін қазыналы қария қоғамдық өмірге белсене араласса, бүгінде көбіне үйде отыратын көрінеді.
Өкінішке орай соғыс ардагерлерінің саны күн санап сиреп барады. Биыл тек бір аптаның өзінде ғана 4 майдангер өмірден өтті. Қазына қарияларды құрметтеп, ардақтау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.