Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақ жайық - достық мекені

c 00:00, 18/03/2015 c 918

0:00 / 0:00

Бүгін дәл осындай атаумен БҚО-ның тарихи-өлкетану мұражайында танымдық шара оздырылды. Наурыз мерекесінің қарсаңында Музей қорында сақталған қазақ халқының ұлттық киімі мен зергерлік әшекейлері және азірбайжан, ұйғыр, дүнген,кәріс, татар ұлттарына қатысты жәдігерлер көрермен назарына ұсынылды. Ұлыстың ұлы күні әз наурыз мейрамы біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Көп ғасырлардан бері Ақжайық аумағында өмір сүріп жатқан ұлттар арасында бірлікті, тыныштықты дәріптеу аса маңызды. Өйткені өлкеміздегі өмір сүріп жатқан көп ұлттарды бір ұйытқыда ұстау мемлекеттік деңгейде қолданып келеді. Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы күндерінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналуда. Бір қызығы наурыз күндері қазақ халқының әр отбасына дәулет дарып, бақ қонсын деген түсінікпен есіктерін айқара ашып қойған. Алайда салыстырмалы түрде алатын болсақ наурыз мерекесі өзге халықтың жаңа жылындай тойланбауы әзріге басты бір мәселелердің біріндей тойланбауда. Сондықтанда қазақ татар ұлттарының бірігуімен төл мерекемізді ұлықтауға атсалысайық ағайын!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.