Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аймақтық телеарналар қолдаудан қағылады

c 23:28, 29/01/2021 c 555

0:00 / 0:00

Аймақтық арналар мемлекеттік сатып алулар жүйесінен шығарылады. Бұл жайында Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің алқа мәжілісінде министр Аида Балаева айтты. Сондай-ақ, ведомство басшысы 2022 жылы БАҚ туралы жаңа заң әзірлеу және қабылдау жоспарланып отыр деді. Алқа мәжілісінде отандық медианың жұмысы, артықшылықтары мен кемшін тұстары да талқыланды.

Қазақстан аумағында мультиплекске кірген,  тегін көрсетілетін 15 телеарнаның мәселесіне қатысты сөз болды. Бұл арналар көрермен аудиториясын кеңінен қамту үшін, өзгелерге қарағанда осындай жеңілдікке қол жеткізіп отыр. Журналист Қанат Сахарияновтың айтуынша, соның ішінде шетелдік телеарналарда бар. Яғни қазақстандықтардың салығына шетелдік арналар тегін көрсетілуде. Мысалы, орталық офисі Мәскеуде орналасқан «Мир» телеарнасы біздің елдің аумағында кеңінен тарап жатыр. Ал «Еуразия» Бірінші арнасы қазақстандық және ресейлік бірлескен жоба.

Қанат Сахариянов – медиахолдинг директоры «Бізде 15 міндетті телеарна бар. Олар мемлекеттік бюджеттен ауқымды түрде қолдау алып отыр. Алайда, тек сол 15 телеарна ғана емес, олардың ішінде шетелдік арналар да, ойын-сауық арналар да бар.Бұл 15 телеарна  мемлекетпен қаржыландырылып отыр. Қазақстанның бүкіл аумағына тегін көрсетіліп, хабар таратуда. Ал қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдіктері мемлекеттік сатып алуларды жариялады».

Яғни мультиплекске кірмеген телеарналар мемлекет қолдауынан қағылады. Сондай-ақ,  «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарына да мемлекет тарапынан басымдық жасалады. Бұл арналарға 2019 жылғы бюджеттен 92 миллион доллар бөлінді. Бұл қомақты қаржы ешбір байқауларсыз берілді. Оған қоса, әкімдіктермен келісімге отырса болғаны аймақтарда ірі телеарналар мемлекеттік тапсырыстарды да алады. Ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде енді аймақтық телеарналар мемлекеттік сатып алулар жүйесінен шығарылатынын айтты.

Аида Балаева – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі «Бұл мәселе қайта қаралып жатыр.Нақты нәтижесі де бар. Депутаттардың қолдауымен, өткен жылдың соңында ақпаратқа қол жеткізу заңнамасына түзетулер енгізілді. Онда аймақтық телеарналарды мемлекеттік ақпараттық тапсырысына қатысты мемлкекеттіп сатып алулар жүйесінен шығару көзделген».

Еске сала кетейік, бұған  дейін аймақтық телеарналар қауымдастығының директоры Жақсыбаева ханым «Қазақтелерадио» ұлттық операторы қазына қаржысын дұрыс жұмсамайды және қазақстандықтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын бұзып отыр дегенді. Оның айтуынша, мемлекеттік телеарналар халықтың салығына күн көріп отыр. Ал жекеменшік арналар баламалы ақпарат көзі болар еді.  Яғни  мемлекеттік арналарға қыруар қаржы құйып, халыққа артық ақпарат жетпейді деу бұрыс түсінік. Себебі, әлеуметтік желі мен өзге де бұқаралық ақпарат құралдарынан баламалы ақпараттар тарап жатқанын білеміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.