Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аймақтағы жедел қызмет көрсетуші органдар оқу-жаттығу жұмысында біліктіліктерін шыңдады

c 20:22, 06/03/2018 c 823

ТЖД, жедел жәрдем, апаттан құтқару жасағы және өзге де салалар төтенше жағдайды ауыздықтауға қаншалықты дайын екендерін іс жүзінде сынға салды. Қалада 11 мың халық саяжай қоғамдастықтарын мекендесе, осы жылы көктемгі уақытта аталмыш аумақтағыларды су басу қаупі жоғары болуы ықтимал көрінеді.

Оқу-жаттығу жұмысы туристік демалыс орындарының ауданында өзен жағалауында өтті. Аңыз бойынша төтеншеліктер балық аулауға келіп, авто көлікпен бірге суға батып кеткен балықшыларды құтқарады. Бұл орайда сүңгуірлердің еңбегі орасан болды. Биыл аймақта мұз жару жұмысына 11 млн теңге қарастырылып отыр. Бірақ шама келсе өзен үсті мұздарын жиектей ойып шығу жоспары атқарылып жатыр.

Биыл жердің тоңы былтырығымен салыстығанда 2 еседен аса қалың болып отыр. Өзен суындағы мұздың қалыңдығы 35 см құрайды. Мұндай жағдайда күн күрт жылынса су тасқынының қаупі артады. Дегенмен қардың мөлшері жылдағыдан төмен.
Биыл аймақта су тасқыны қаупін жою мақсатында 1 млрд. теңгеден астам қаражат қорда қарастырылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.