Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Адам өмірін сақтап қалған жігіттің жеке өмірінде оңды өзгерістер орын алып жатыр

c 18:10, 28/02/2018 c 1312

0:00 / 0:00

Оралдық Абзал Адилов Шымкент қаласындағы бейтаныс қызды құтқарып қалу үшін өзінің бір бүйрегін берген болатын. Төсек тартып жатқан Жәмила Байсерікова қазір аяғынан тұрып, жазылып келеді. Осынау күрделі отадан соң 25 жасар жігіт өзіне қалыңдық тауып, туған жеріне оралған. Қазір ол Айгерім Исмайл деген арумен бас қосып, отау тігуге дайындалып жатыр.

2017-жылдың қазанында екі бүйрегі қатар істен шығып, жағдайы ауырлаған Жәмила Байсеріковаға ота жасалды. Абзал Адилов бейтаныс бойжеткеннің денсаулығы жөнінде телеарнадан естіп, қатты алаңдаған. Кейін өзі донар болуға шешім қабылдады. Алматы клиникалараның бірінен отадан кейін шыққан Абзал Адиловты қайырымдылық қоры белсенділері күтіп алды.

Абзалдың қалыңдығы жігіттің бұл ерлігі жөнінде ғаламтордан біліп, оған алғыс айту үшін әлеуметтік желіден хат жазған. Олардың таныстықтары сезімге ұласыпты.

Абзалдың ең жақын туыстарының бірі Ақлима Бижанова. Жастарға бұл шаңырақ мүшелерінің орны ерекше. Қазір олардың үйінде тұрып жатыр. Еш ақысыз жас жанның өмірін сақтау үшін бүйрегін берген азаматтың ісі - нағыз ерлікке баларлық. Қазір Абзал жұмысқа орналасып, өз өмірін қолға алуға кірісуде. Арманы-жаңадан құрғалы отырған отбасымен баспанаға қол жеткізу.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.