Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құтқарушы-донарлар қан тапсырды

c 19:33, 12/10/2020 c 727

0:00 / 0:00

25 мың құтқарылған өмір! Осындай атаумен өткен донорлық акция барысында БҚО-ның құтқарушылары қан тапсырды. Төтенше жағдай қызметінің 25 жылдығына орай 50-ден аса төтеншелік адам өмірін құтқарып қалуға өз үлесін қосты.

Түрлі апаттар мен суға кету, қиын жағдайға тап болған адамдарды құтқаруда жанкешті ерлік көрсетіп жүрген төтеншеліктер сын сағатта қанға мұқтаж жандардың өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосты. 19 қазанда Төтенше жағдай қызметінің құрылғанына ширек ғасыр толып, құтқарушылар күнін атап өткелі отырған мамандар адам өмірін құтқару үшін қолдан келген көмектерін аямайтындарын жеткізді.

"25 мың құтқарылған өмір" деп аталатын бұл донарлық акция кезінде 50 ден астам төтеншелік қан тапсырды. Араларында ең көп қан тапсырған қызметкер Иван Вукуленко әрбір процедурадан соң өзін жақсы сезінетінін, денсаулығына мұның пайдасын айтып өтті. Ол осымен 15 ші донар болып отыр екен. Жалпы қоблыста қан қоры жеткілікті. Дегенмен сұранысқа ие қан топтары бойынша донарлар үнемі шақырылып отырады. Олардың көмегі елдегі қиын кезеңде де зор болды дейді ақ халаттылар.

Құтқарушылар жол апаттары мен төтенше жағдайлар кезінде талай жанның ауыр халіне куәгер болады. Оларды зардап шегушілерді жедел жәрдемге табыстап қана қойсмай, аман қалуларын тілеп, тағдырларына алаңдаушылық танытады. Осындай кезде төтеншеліктер қанға мұқтаж біраз жанның ажалына араша түсуге ниетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.