Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АӘК дауы

c 16:26, 13/11/2019 c 495

0:00 / 0:00

Оралда көп балалы аналар ақшасын ала алмай бір айдан бері сабылып жүр. Наразы топтың айтуынша, жауапты мекеме өкілдері олармен есеп айырысуды күнде ертеңге шегеріп шаршатқан. Жұрт ақшаның соңынан қууға мәжбүр. Әзірге қаражаттың қолға тиер түрі жоқ. Әкімдіктің күнде «ертең» деген желеуі көптің зығырданын қайнатқан. Бұқара жағдайды қала басшысына да жеткіздік дейді. Алайда оны елей қойған ешкім болмапты. Ашулы топ тағы да қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде шу шығарды. Тек содан кейін ғана жауаптылар жағдайды түсіндіре бастады. Атқамінерлердің айтуынша, шаһарда атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны көбеюінен теңге үлестіруде сәл кідіріс болған. Бұл олқылық алдағы уақытта «шешіледі» деп сендіреді. 1 ші қараша, 1 қыркүйекке 3 мың АӘК алатын отбасы болса, 1 қарашадан 4041 отбасы АӘК алады. Соған байланысты кідіріс болып жатыр. Бір аптада барлық қаражат төленетін болады деп сендірді сала мамандары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.