Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

8 МЫҢ АДАМ АЛИМЕНТ ТӨЛЕМЕЙ ЖҮР

c 19:57, 28/03/2022 c 380

0:00 / 0:00

Қазақстанда 8 мың азамат алимент төлеуден жалтарып жүр. Жалпы елде 270 мың алимент төлеуші бар. 2021 жылы алимент төлемегені үшін 316 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Әділет министрі Қанат Мусин осындай мәліметімен бөлісті.

Жалпы еліміз бойынша 270 мың азаматтан алимент өндіріліп жатыр. Өкінішке орай, жұптар ажырасып, кәмелетке толмаған балаларының алындағы ата-ана міндетін атқаруда жауапсыздық танытушылар жоқ емес. Әділет министрінің мәліметінше, бүгінде 8 мың азамат алимент төлеуден қашып жүр. Алимент төлеуден жалтарғандар алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Тек 2021 жылы алимент төлемегені үшін 316 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Депутаттар өз кезегінде, алимент төлеуден жалтарғандарды түрмеге қамағанша, жұмысқа салған жөн деген ұсынысты алға тартты.

Министрдің айтуынша, алименттен жалтарғандарға қатысты заң күшейген. Бүгінде 157 адам бас бостандығынан айырылды.

«Атқарушылық іс жүргізу туралы» Заңына 2020 жылы өзгерістер енгізілді.Бұл өзгерістер борышкер мен өндіріп алушының құқықтарын қорғауға, жеке сот орындаушының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Енді бір ай ішінде алимент өндіру және басқа да әлеуметтік істер бойынша белсенді жұмыс болмаған жағдайда сот орындаушысы лицензиясынан айырылады. Ағымдағы жылы 19 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылған. Негізінде өндіріп алған соманың 25 пайызы сот орындаушылардың қалтасына түседі. Сондай-ақ, депутаттар алимент төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оған хаттама толтыру қажет. Жеке сот орындаушысында мұндай құқық жоқ дейді. Сот орындаушыларына дәл осындай өкілеттік енгізу ұсынылды. Дегенмен, сот орындаушылардың этикасына қатысты пікірлер де айтылды. Мәжілісмендер борышкерлермен жұмыс істеу барысында сот орындаушылардың мәдениеттілік танытуын талап ету қажет дейді. Себебі, олардың жұмысына қатысты шағым көп.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.