Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

3 балалы отбасы жартылай өртенген шұрқ тесік үйді паналауға мәжбүр

c 17:58, 14/06/2018 c 824

0:00 / 0:00

Үш баласы бар отбасы өрттің салдарынан төбесі тесік тұрғын үйде тұрып жатыр. Борлы тау ауылындағы Александр Хаминнің отбасы тұрып жатқан баспананың өрт кезінде шатыры, есіктері, төбесі, қажетті заттары жанып кеткен. Отағасы енді өз күшімен жөндеу жасауға бекініп отыр. Алайда қаражаттың жоқтығынан керек материалын ала алмай, тағырыққа тіреліп отыр. Оның үстіне отбасы мүшелерінің барлығы бірдей жұмыссыз көрінеді.

Борлы тау 33 мекен-жайындағы тұрғын үйде өрт 7-маусым күні таңғы уақытта тұтанған. 4 бөлмелі баспанада Александр Хамин әйелімен, 2 жасар ұлымен және өзінің әпкесінің кішкентай қыздарымен бірге тұрады екен. Түтіннің иісін байқап оянған отбасы тілсіз жаудан аман қалған.

Қызыл жалынды дер кезінде сөндіргеннің арқасында тұрғын үй түгел жанып кетпеген. Өртті сөндіруге 3 бірлік техни мен 13 адамның күші жұмылдырылған. Отбасының өрт кезінде көп заттары мен үйдің шатыры, есіктері, балалардың киімдері жанып кеткен. Оның үстіне үйде ешкім жұмыс жасамайды екен. Сондықтан төбесі тесік өртенген үйді пана қылуға мәжбүр отбасы көмекке әбден мұқтаж. Әзірге тек көрші-қолаң ғана қол ұшын беріп отыр.

Тұрақты жұмысы жоқ, үнемі жалданып жүріп ақша табатын үйдің отағасы бұл жағдайда өзіне үлкен салмақ түсерін түйсініп отыр. Дәз қазір киім сатып алып, үйді жөндеуге әзірге әлдері жетпей отырған отбасыға көмектесемін деушілер табылса, 8771 236 1338 телефон нөміріне хабарласуына болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.