Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күл-қоқыстан көз ашылмайды

c 17:49, 17/04/2018 c 1305

0:00 / 0:00

Оралдық саяжайшыларға аула-аймақты қоқыстан тазартуға көмектеседі. Қар еріп, қара жер көрінген кезде қыс бойы жиналған күл-қоқыс бірден көзге түседі. Саяжай тұрғындары болса, арнайы техниканың қоқысты тек контейнерлерден ғана жинайтынын айтып ашынады. Ал тұрмыстық қалдықтар осы жәшіктердің айналасына жиналады екен.
Бұл екінші саяжай маңы, ал мына жол "Коммунальник", "Урожайный" және "Водстрой" саяжайларына апарады. Жол бойында күл-қоқыс шашылған күйінде жатыр. Бөтелке де, пластик пен тұрмыстық қалдық та осы жерде жатыр. Өткен жылы қойылған темір контейнер аударылып тасталған. Саяжайшылар бар гәп тұрғындардың өздерінде екенін айтады. Шашылған қоқыс жинала-жинала үйіндіге айналады. Сенбілік кезінде жиналғанмен де, саяжайдан шығару мүмкін болмай отыр.

Андрей Бойцов,
Қоқыс жәшігін не себепті қоятынын түсінбеймін! Қойғаннан кейін тазалау керек қой. Оның үстіне иттер де шашып тастайды. Ал келген көліктер контейнерді ғана тазалайды, айналасындағы қоқыс ешкімге керек емес. Мұнда қанша адам тұрады? Бұл жерде қоқыс болмас үшін күнде келу керек деп ойлаймын.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекция бөліміндегілер саяжайға өткен жылы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнер орнатылғанын айтады. Бірақ, қатты алаңның жоқтығы салдарынан көктемгі-күзгі уақытта арнайы техника ол жерге бара алмайтын көрінеді.

Орынбасар Бисенғалиев
Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы

Тұрмыстық қалдықтардың үйіндісін біз бірнеше мәрте тексеріп қайттық. Қазір орал таза сервис мекемесі және қалалық әкімдікпен бірлесе барлық саяжайлар тексеріліп, қаралуда. Бұл шаралар кейін қоқысты жинап, тазалау мақсатында қолға алынды. Күзгі көктемгі уақытта саяжайларға техника бара алмайды, сол себепті де ол жақта қоқыс үйіліп қалады

Десе де, тазалық айлығы аясында саяжайшылар да өздеріне тиеслі аула-аймақтарды күл қоқыстан тазалап, абаттандыруды ұмытпағандары жөн болады.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.