Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

221 жоба грантқа ие болды

c 16:54, 12/06/2019 c 835

0:00 / 0:00

«Zhas project» жобасы бойынша  облыстан 221  жас мемлекеттік  грантты ұтып алды.  Әлеуметтің ең осал тобына арналған бұл жоба аясында 1000-ға  жуық жұмыссыз екі қолға бір күрек таппақ. Аталған жоба өткен 2017 жылдан бастап республикамыздың бірқатар аймағында пилоттық жоба ретінде енгізілді.  Оның  түпкі мақсаты – осал топтағы жастардың бастамасына қаржылай қолдау көрсету және осы арқылы шағын және орта бизнесті дамыту.  Оған  кәсібін ашсам деген 16-29 жас аралығындағы жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты. Жеңімпазына 1 миллион теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі. Айта кетейік, биылғы жылдан бастап бұл  шара өңірде  қолға алынды. Аймақ жастарынан  771 жобаның 221-і үш кезеңдік байқаудан өтіп грантты ұтып алды. Жеңімпаздарына нақты тоқталсақ. Бәйтеректен -10,  Ақжайықта -30, Бөрліде - 3, Жаңақалада - 20, Жәнібекте - 10, Қазталовта - 17, Сырымда-9, Тасқалада - 2, Теректіде -15, Бөкейордада -28, Шыңғырлауда - 6, Қаратөбете-17. Ең белсенді жастар Орал қаласынан - 54. Биылғы байқауда бағы жанбағандар келер жылдан үмтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.