Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2-мамырда православтықтар Пасха мерекесін атап өтеді

c 17:43, 27/04/2021 c 669

0:00 / 0:00

2-мамырда күллі православ христиандары Пасха мерекесін атап өтеді. Православтықтар бұл мерекені көптен бері тойлап келеді. Олар үшін Пасханың мән-маңызы зор. Діни мерекеге орай Орал мен Ақтөбе епархиясының төрағасы Антоний барша православтарды құттықтады.

Барша православ христиандары үшін Пасха мерекесінің мән-маңызы ерекше. Олар бұл күнді айрықша атап өтеді. Христиандар үшін Пасханың өзге мерекелерден бәсі жоғары. Діни наным-сенім бойынша Иса пайғамбар сол күні қайта тіріледі екен. Бұл мерекеде барлық православтықтар шіркеуде діни жоралғыларын жасап, үйде жұмыртқаны түрлі түске бояп, тәтті нан пісіріп, көрші-қолаңға таратып береді. Бұл күні жаратқанға сыйынып, көтеріңкі көңіл-күймен қонаққа бару керек. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты биыл да шіркеуде болатын жоралғыларға азаматтар қатыса алмайды. Діни қызметкерлер қызметін жалғастырады.

Пасхаға орай, Орал мен Ақтөбе епархиясының төрағасы Антоний барша православтықтарды құттықтап, жүрек жарды пікірін жолдады.

Сурет https://assembly.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.