Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

2 адамды жаяу жүргінші жолағында көлік қағып кетті

c 18:20, 09/07/2018 c 854

0:00 / 0:00

Оқиға Орал қаласының Еуразия даңғылы бойында 8-шілде күні кешкі сағат 10-дар шамасында тіркелген. Қазіргі кезде зардап шегушілер облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Бірінің аяғы сынған, екіншісінің бас-миы шайқалған. Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Бұл жағдайдан соң қорқып қалған тұрғындар үнемі осы жерде жол апаты тіркелетінін айтып, қауіпті жолға бағдаршам орнатуды сұрап отыр.

Бұл кітапхана аялдамасы маңындағы жаяу жүргінші жолағы. Осы маңдағы тұрғындар бүгінде жолды кесіп өтуге қорқатын болдық дейді. Жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс асырып, жол ережесін ескермейтін көрінеді. 8ші шілде күні кешкі уақытта екі адамды қағып кеткен жүргізуші олардың денсаулығына айтарлықтай залал келтірген. Мұндай жағдайлар қайталанбас үшін "Қауіпті жаяу жүргінші жолағына" тұрғындар бағдаршам орнатуды сұрайды. Тіпті рұқсат етілген орында ережені сақтап жүрген күннің өзінде әр адам өз өмірінің қауіпсіздігіне көз жеткізіп барып, жолдан өткені абзал екенін еске саламыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.