Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

18 АДАМ ТЕРГЕЛІП ЖАТЫР

c 11:29, 13/04/2023 c 146

0:00 / 0:00

Петропавлдағы сеператимзді насихаттағандарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал оларға қандай айып тағылатынын сараптама нәтижесінен кейін ғана біле аламыз. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Мәжіліс дәлізінде Солтүстік Қазақстан облысындағы сепаратистерге қатысты қандай шара қолданылатынын айтты.

Өздеріңізге мәлім, 19 наурызда Петропавл қаласында 19 сепаратист «Халықтық кеңес» ұйымын құрып, Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындамайтынын жариялады. Қылмыстық іс қозғалды. Әзірге топ мүшелеріне қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылмаған. Прокурордың айтуынша, ұйымның мәлімдемесі бойынша ел тәуелсіздігіне нұқсан келтірілген, келтірмегенін анықтау сараптамасы жүргізіліп жатыр. Іс Бас прокурордың бақылауында.

Тек сараптама нәтижесінен кейін ғана, әр адамның айтқан сөзі негізінде оларға айып тағылып, жауапқа тартылады,- дейді Өмірәлиев.

Ал «Халықтық кеңес» ұйымы өз мәлімдемесінде Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындамайтынын айқын жариялағанды. Бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаттары Үкіметке сауал жолдап, сепаратизмді насихаттағандарды қатаң жазалау керектігін айтқан болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.