Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

17 жасар қызды өлтіріп кетті

c 14:00, 30/07/2018 c 1337

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында 17 жасар қызды өлтіріп кетті. Жаға ұстатар жайт Зеленов ауданындағы Дарьян ауылының тұрғындарын дүр сілкіндірді. Оқиға жөнінде әзірге полиция қызметкерлері ешқандай мәлімет айтпай отыр. Алайда, арна тілшілері марқұм Дана Ғабдығалиеваның туыстарымен байланысты. Бойжеткен биыл мектеп бітіріп, жоғары оқы орнына түскен көрінеді.Қазір марқұмның туыстары жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр.Дана Ғабдығалиева биыл ғана мектеп бітірген өрімдей жас қыз.Аяқ асты келген қаза қыздың әке - шешесіне өте ауыр тигені анық. Тас түскен жеріне ауыр дегендей бір бүтін отбасының қабырғасын қайыстрып кеткен бұл өлім кісі қолынна болып тұр.Сондықтан марқұмның туыстары кінәлі өте қатаң жазаға тартылу керек деп есептейді.

Кезінде Дана оқыған мектепке де бас сұқтық. Бұл жерде де қазір жағдай өте көңілсіз. Мектеп директоры бұрын сонды мұндай қанды қылмыс болған емес дейді.

Полиция қазір тиісті ақпараттар прокуратураның мақұлдауында жатыр деп нақты дерек бермей отыр.Бірақ бейресми ақпартқа сенсек күдікті қолға түскенге ұқсайды.

17 жасар бойжеткеннің денесі 28 шілдеде қараусыз тұрған саябақтан табылған болатын. Болған оқиға бойынша полиция қазір тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.