Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

14 ақпандағы Қазақстан Халқы ассамблея кеңесінің мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуі туралы ұсынысын "Ақжол" ҚДП-сы да қызу қолдайды

c 11:52, 17/02/2015 c 858

0:00 / 0:00

Ол жәйлі, бүгін өткен партияның орталық кеңесінің президиумында талқыланып, үстіміздегі жылы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу заңды жағынан да, дағдарыстың алдын алуда да тағдыршешті шешім екендігі айтылды.
Үстіміздегі айдың 14-ші жұлдызындағы Қазақстан Халқы ассамблеясының, ағымдағы жылы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы идеясы қоғамға қызу қозғау салды. Бүгін аймақ филиалдарымен селекторлық үлгіде, орталық кеңес президиумын жүргізген "Ақжол" ҚДП өкілдері де бұл ұсынысты бірауыздан қолдасады.
Президент сайлауына бұлай таңдау жасалуы, Қазақ хандығының 550 жылдығының тойлануы қарсаңында бір жылға тұспа-тұс келуін, жақсы ырымға теңеген партия төрағасы, егер оң шешім қабылданса "Нұрлы жолдың" дағдарысты еңсеруде маңызы зорын атап өтті. Осы орайда айта кетудің реті "Ақжол" партиясы қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, "Ел мен ер" атты халықаралық Мүшәйра жариялады. өнерге талапты жандарды ынталандыру мақсатында оздырылып отырған жүлдесі қомақты мүшайраға, үстіміздегі жылдың қазан айына дейін туындылар қабылданып, жеңімпаздар жыл соңында жарияланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.