Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«100 сауда орны» бағдарламасы жалғасады

c 17:55, 26/01/2021 c 378

0:00 / 0:00

«100 сауда орны» жобасы биыл да жалғасын табады. Бұл туралы «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Артур Досқалиев мәлімдеді. Өткен жылы қала бойынша көптеген сауда дүңгіршектері жұмысын бастап, баға тұрақтылығын сақтау бойынша шаралар қолға алынған болатын.Биыл да қалалық әкімдік халық тығыз қоныстанған аудандардан бос орындарды белгілеп, «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына береді. Ақпан айынан бастап корпорация электронды аукцион арқылы жеңімпаздарды анықтайды. Осылайша кәсіпкерлерге сәулет бөлімі бекіткен бірыңғай үлгіні ұсынады. Осыдан 3 ай бұрын жұмысын бастаған бұл шағын сауда нүктесінде нан өнімдері сатылады. Көп жағдайда қызмет көрсету бағытында жұмысын бастаған кәсіпкерлік нысандарының бір жылдық жалға алу құны шамамен - 300 мың теңгені құрайды.Мақсат - бағаны бақылауда ұстау. Егер өз кәсібіңізді бастағыңыз келсе, «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына» барып жобаңызды ұсыныңыз.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.