Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

100 күн

c 20:17, 19/09/2019 c 706

0:00 / 0:00

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басқарып отырғанына 100 күн толды. Бүгін саясаткерлер журналистер алдына шығып, Президенттің 100 күндегі жұмысына баға берді. Өздеріңізге мәлім, биылғы жылдың 19-ы науырызында тұңғыш президент Нұрсұлтан-Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтататынын мәлімдеген болатын. Оның орнында қалған сол кездегі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін уақытша қолға алған еді. Бұдан соң маусымның 9-ы күні өткен Президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев басым дауыс жинап, сайлауда жеңіске жетті. Міне сол күннен бастап Тоқаевтың  қазақ елін басқарып отырғанына 100 күн толды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 100 күндігі 19 09 19 деген сәтті санмен сәйкес болып отыр. Ел тізгінін қолына алған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келгелі не өзгерді?  Саясаткерлердің айтуынша, Тоқаев билікке келген бетте Ұлттық кеңес құруды ұсынды. Құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйым өкілдері кірген кеңеспен билік санасын болады деді. Сондай-ақ, Президент кадрлық резерв құрылатынын мәлімдеді. Жаңа билік құрамы өзгеретінін, биілкке жастарды тартатынын айтты. Осы жүз күнде айтарлықтай ауыс-түйіс болды. Тіпті енді ғана жаңа орынға жайғасқандардың қызметі де ауысып үлгерді. Президент жарлығымен Қырымбек Көшербаев Президент әкімшілігі жетекшісі міндетінен босатылып, мемлекеттік хатшының орнына жайғасты. Ал Президент әкімшілігі Қарағанды облысының әкімі  Ерлан Қошановқа бұйырды. Бүгін Тоқаев әлеуметтік желіде Қарағанды өңірін басқаруды Жеңіс Қасымбекке тапсыратынын айтты. Тағы бірқатар министрлердің орны ауысты.  Сондай-ақ, 100 күнде Тоқаев әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың, көпбалалы отбасылардың банктер алдындағы борышын өтеп беруге мүмкіндік жасады. Қыркүйектің басындағы Жолдауында зейнетақы қорындағы қаражатты халыққа өз қажетіне жұмсауға мүмкіндік беруді тапсырды. Бизнесті қолдап, салықтан босату, мұғалімдер мен құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселерін қамтыды. Ең бастысы жаңа билік адами капиталды дамытуға бет бұрды дейді саясаткерлер.

Саястакерлердің пікірінше, Тоқаев билігі кез-келген өзгерісте шешім қабылдауға икемді.

Марат Шибұтов – саясаттанушы: «Тоқаевтың 100 күнінде елдегі саяси жүйе тұрақталды. Бұл билік жайында әртүрлі пікір болды. Өзгеріс болмайды деп айтылды. Бірақ біз көріп отырғандай бұл билік кез-келген өзгерісте шешім қабылдауда икемді екенін дәлелдеді».

Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мәліметіне сүйенсек, 2019 жылғы қыркүйек айының орта кезіндегі жағдай бойынша Мемлекет басшысы 5 заңға қол қойып, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларда 40 өкім шығарды. 100 күн ішінде  Президент 102 жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев  140-тан астам іскерлік кездесулер мен кеңестер өткізген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.