Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылусыз қалған үй

c 19:11, 13/10/2020 c 784

Орал қаласында бір үйдің тұрғындары төменгі қабатта орналасқан сауда нысанының кесірінен жылуға қосыла алмай отыр. Себебі аумағы бірінші қабатты толықтай алып жатқан супермаркет қожайыны пәтер иелері кооперативіне ақы төлемей, қарызға батып отыр. Және оны өтемек ниеттері де жоқ болып шықты. Соның салдарынан тұрғын үйді қысқы маусымға дайындайтын кооператив Партизан көшесі 88 мекен-жайындағы аталмыш үйге қызмет көрсетуден бас тартқан. Күннің салқынында электр пештерін қосып жылынып отырған тұрғындар болса, шарасыз күйде құзырлы органнан көмек сұрап отыр.

 

Партизан көшесі 88 мекенжайындағы тұрғын үйдің бірінші қабатын түгелдей иеленген дүкен қожайыны пәтер иелері кооперативінің қызметін қажетсіз деп санап, өзін-өзі қамтамасыз етпек болып отыр. Ал бұдан үстіңгі қабаттағы қарапайым тұрғындар зардап шегуде. Себебі пәтер иелері кооперативі қалған 36 пәтерді азсынып, қызмет көрсетуден бас тартқан. Жертөлесі кәріз суына толып, дәл жылыту маусымының алдында қысқа дайындықтары қамдалмай қалған тұрғындар енді не істерлерін білмей дал.

Супермаркет иесі қандай да бір жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отыр. Көпке кесел тигізіп отырғанымен шаруашы жоқ,- дейді суық пәтерлерінде бала-шағасы үшін уайымдаған назалы тұрғындар.

Үй тұрғыны Лидия Давыдова: "Біз өз күшімізбен ешнәрсе жасай алмаймыз. Ақша жинауға тырыстық. Дүкен үйдің 40 пайызын үлесін алып жатыр. Олар да қосылуы керек қой. Орап ПИК-не ақы төлегісі келмейді.Әр шаршы метріне 35 теңге төлемақыны қымбатсынып отыр. Олардың өз сантехниктері мен аулу сыпырушылары бар. Сонда қалған 36 пәтердің тұрғындары неліктен дүкеннің кесірінен жылусыз қалу керекпіз?!"

Бізде бары 36 пәтер. ал шығын көп. сондықтан дүкен бізге қосылмаса мәселенің шешіле қоюы екіталай. Мүмкін әкімдік бір шара қолданар, дүкен иесімен қалай сөйлессек те келісімге келмей қойды,-дейді үй тұрғыны  Лариса Сковородько

 

Үйдің маңына таяу келген жан жағымсыз исті бірден сезеді. Бұл кәріс суы жиналып қалған жертөледен шығып жатырған иіс. Пәтер иелері осындай ауамен тыныстауға мәжбүр.  Шарасыз тұрғындардың әлі қанша суық үйде отырары белгісіз. Өйткені ТҮКШ бөлімі дүкен иесімен келсуден басқа амал жоқ, бірігіп ақша жинап, үйлерін қысқа дайындасын деп шығарып салды. ТҮКШ бөлімінің мамандарының айтуынша, үйдің жағдайы жақсы, тек үнемі бітеліп қалатын кәріз құбырын жөндеу қажет.

Бірақ супермаркет иесінің мәмілеге келер түрі жоқ болып шықты. Әзірге үй ішінен үй тіккен көршілерінің әрекетінен жылусыз отырған тұрғындардың мәселесі шешімін тапқан жоқ. Дегенмен кәсіпкер өз қамы үшін балалы-шағалы 30 дан астам отбасына суықта қалдырмас деген үміт бар. Қазіргі кезде Орал қаласында әлеуметтік нысандардың 80 пайыздан астамы жылу көзіне қосылды. Ал тұрғын үйлердің 70 пайызға жуығы жылумен қамтылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.