Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылу құбырын жөндеуде

c 15:03, 14/06/2022 c 815

0:00 / 0:00

Жылыту маусымы аяқталғанымен мамандар келер маусымға дайындығын бастап кетті. Қазіргі таңда облыс орталығында жылу құбырларын ауыстырып жатыр. Биыл алты шақырым құбыр жаңартылмақ

Мамандар Кердері көшесіндегі жылу құбырын алмастыру жұмыстарына маусымның 6-сы кірісіпті. Мұнда жеті маман еңбектеніп жатыр. Құбыр 2010 жылы алмастырылған. Содан бері жөндеу көрмепті.

Жылу қазандықтарынан бөлек, биыл үш бу қазандығы да жөнделмек. Жалпы мекемеде он екі қазандық бар.

Жөндеу жұмыстарын айтып, түгендеп болсақ, қарыз мәселесіне ойысайық. Тұрғындар коммуналдық төлем үшін 700 млн теңгеден астам қаржы бережақ. Оны өндіру үшін азаматтардың мүлкін сатуға тыйым салынып, көліктерді айыптұрағына қояды. Бережағы бар адамдардың шетел асуына да кедергілер бар.

Президенттің пәрменімен 2022 жылдың қаңтарынан бастап коммуналдыө төлемнің ақысын қымбаттатуға мораторий жарияланған еді. Мамандар осы тыйым алынғанын күтіп отыр. Содан кейін коммуналдық төлемді қымбаттату бойынша өтінішті антимонополияға қарсы департаментке өткізбек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.