Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жылқы өлекселері әлі жол бойында жатыр

c 17:29, 08/11/2021 c 1174

0:00 / 0:00

Осыдан бір апта бұрын көлік қағып өлтірген жылқылар «Орал-Атырау» тас жолының бойында әлі жол жиегінде жатыр. Бұл туралы арнамызға хабарласқан ауыл тұрғындары мәлімдеді. Олардың айтуынша, жануарлардың өлекселері күннің суықтығына қарамастан иістеніп жатырған көренеді. Оқиға 1 қараша күні шамамен сағат 21:30-да Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында болды. Орал-Атырау тас жолының 290-шақырымында 30 жастағы жүргізуші «Ford Transit» автокөлігімен еркін жайылып жүрген 4 бас жылқыны қағып кеткен. Сол оқиғадан бері жылқылардың өлекселері әлі күнге дейін мал моласына апарылып, өртелмеген. Мұны ауыл әкімінің орынбасары жылқы иелерінің табылмағанымен байланыстырды.
Аталған факты бойынша мал иесі анықталып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 408-бабына сәйкес айыппұл салынатын болады. Қазір жол оқиғасына себеп болған жануарлар иесінің біреуі ғана анықталып, оған айыппұл салынған. Айта кеткен жөн, заң бойынша мал иесі анықталғанан кейін жануарларды жою мәселесімен өзі шұғылдануы тиіс көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.