Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 67 АДАМ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЙТЫС БОЛҒАН

c 18:37, 23/09/2021 c 1890

0:00 / 0:00

"Айта айта Алтайды, Жамал апам қартайды"-демекші, БҚО-да "жол көлік оқиғаларын болдырмаймыз!"- деп шенді-шекпенділер бірнеше жылдан бері осы проблеманы талқылап келеді. Десек те, жол бойында ажал тапқан жандардың қатары азаяр емес. Өңір Республика бойынша жол апаты санына қатысты антирейтингте 5-ші орынға табан тіреген.

БҚО-да жол көлік апаты азаяр емес. Соңғы екі жылда 500 жол апаты тіркеліп, соның кесірінен 143 адам жан тапсырған. Сала мамандары облыс жолдарында жол апатының көбі Ақжайық ауданы, Орал мен Бәйтерек ауданында тіркелетін айтады. Прокурорлар жолдағы қайғылы жайттардың орын алуына себеп болатын сегіз мәселе бар,- дейді. Бірінші кезекте жолдардың сапасы. Қазіргі таңда аймақта жол сапасы сын көтермейді. БҚО жолдарының 70 пайызын жөндеу керек,- дейді прокурорлар.

Жол апаты Орал-Атырау бағытындағы тас жолда көп болады. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары салынған тас жол арқылы өтетін көліктердің саны да, өліммен аяқталған жол апаты да көп.

Жол көлік оқиғалары қыста, тайғақта жиі болады. Мамандар тас жолдардың қардан уақытылы тазартылмайтынын тілге тиек етіп, көрші ел жолдарында қауіпсіздік үшін жасалатын жағдай мен тазалықты салыстырып өтті.

Ал жиынға қатысқан полиция генералы қаладағы қай көшенің жолы талапқа сай келеді деп әкімнің орынбасарына шүйлікті.

Үйлестіру кеңесінде жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын жүргізушілер туралы да айтылды. Мамандар заңсыз тасымалдаушылардың көлігі техникалық тектерістен өтпейді. Олар салықтан жалтарып жүр және уақытылы демалмайды дейді. Соның кесірінен ақша табам деген жандар жылдамдықты асырып, қарсы бетке шығып, жолаушылардың өмірін қатерге тігеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.