Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЫЛ БАСЫНАН 39 ЖЕМҚОРЛЫҚ ІСІ ТІРКЕЛГЕН

c 17:45, 29/11/2021 c 933

0:00 / 0:00

2021 жылдың 10 айында БҚО сыбайлас жемқорлыққа байланысты 39 қылмыстық іс қозғалған. Оның 64 пайызы жемқорлық дерегі. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары хабарлайды.

Биылғы жылдың он айында облыста сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша 39 іс тіркелген. Бармақ басты, көз қыстының кесірінен мемлекетке 182,8 млн. теңгеден астам шығын келген. Мамандар шығынның 98,6 пайызын істі болған жандар өтеді,- дейді.

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық дерегі бойынша 36 азамат сотталған. Олардың бесеуі бас бостандығынан айырылып, жазасын түрмеде өтеп жатса, қалғандары айыппұл төлеп құтылған.

Сала мамандары жемқорлық бойынша қандай да бір ақпар білсеңіз 1424 колл орталығына хабарласуды сұрайды.

СУРЕТ https://assembly.kz/ САЙТЫНАН ЖҮКТЕЛДІ

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.