Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ

c 11:32, 17/03/2022 c 440

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Қасмы-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында көрініс тапқан бастамаларды жүзеге асыру үшін Үкімет, Парламент, әкімдіктер тынымсыз жұмыс істейтін болады. себебі, Тоқаев биліктегі басқару жүйесін жаңартуды ұсынды. Аралас сайлау, парламенттің рөлін күшейту, суперпрезиденттік басқарудан мықты парламентке көшу, Конституциялық сот құру сияқты ұсыныстарын ұсынды. Бұл бастамалар сөз жүзінде қалмай, тез арада жүзеге асуы керектігі де айтылды.

Президент халыққа жолдауын дәстүр бойынша Парламентке келіп жариялады. Айтулы жиынға жиналғандардың қарасы қалың болды. Министрлер кабинетінін бастап, барлық өңірдің әкімдері, қоғам белсенділері әрине екі палата депутаттары, БАҚ өкілдері төрт көз түгел қатысты. Бұл пандемиядан кейін үлкен көлемде жиналып отырған жиын болды. Күзет қызметі қатаң, тіпті әкімдер мен министрлер қалта телефондарын залға алып өте алмады. Ол үшін арнайы жәшік қойылған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1,5 сағаттық Жолдауын мұқият тыңдап шыққан депутаттар мен шенеуніктер саяси бастамаларды қолдауға дайын екендерін жарыса айтып жатты.

Жолдауда айтылғандай, аралас сайлау жүйесіне көшеміз. Яғни Парламентте 70 те 30 пайыз болады. Өңірлерде облыс деңгейінде 50 де 50 пайыз аралас жүйе енгізіледі, ал аудандар мен қалаларда толығымен мажоритарлық жүйе болады. Бұл партиясыз кандидаттардың саяси өмірге белсене араласуына мүмкіндік береді - дейді мемлекеттік хатшы. Президент Жолдауы болады дегелі Мәжіліс таратылып, күздегі сайлауға дайындық басаталды деген пікірлер де айтылған еді.

Өздеріңізге мәлім, енді елімізде Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары пайда болмақ. Бұл халықтың ұсынысымен жүзеге асқалы отырған шаруа. Ұсынысты өңір әкімдері де қуана қабылдаған сияқты.

Айта кетейік көпшілік 30 жылда атауы қазақшаланбаған Петропавл мен Пауладар облыстарының атауын да өзгертуді сұрап келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.