Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жолда қабылдау жүріп жатыр

c 17:28, 26/08/2020 c 600

0:00 / 0:00

БҚО азаматтарды жолда қабылдау акциясы жүріп жатыр. БҚО ПД мамандары азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды. Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл шараның мақсаты полиция өкілдерінің халықпен байланысын нағыйту. Бүгін кезекті акция барысында басқарма басшылары тұрғындарды қабылдады.
Бүгінгі акцияға азаматтар негізінен армениялық көліктерді тіркеу, көліктерді тіркеуден шығару секілді сұрақтарымен келіп жатыр. Одан бөлек инстаграм арқылы жүріп жатырған тікелей эфирге де сұрақттар толассыз түсіп, мамандар жауап берумен болды.
Бүгінгі жолда қабылдау акциясына ең көп қойылған сұрақ армениялық көліктерді тіркеуге қою мәселесі.Бұл бағытта жұмыстар 1 қыркүйекке дейін жүретін болады. Ресейлік нөмірлі көліктердің мәселесі бір жақты болды. Қазір армениядн әкелінген көліктердің тағдыры қаралып жатыр.Соның ішінде рөлі оң жақта орналасқан көліктерге қатысты мәселе әлі толық шешілмеген. Бұл қазір минситрліктер қаралып жатыр деді мамандар.
Полицияның мақсаты қоғамдық тәртіпті қадағалау, қылмыстың алдын алу, осы бағытта қазір облыс аумағында құқықтық тәртіп атты рейдік шара жүріп жатыр. 25-27 тамыз күндері жүретін рейдтің бірінші күнінде жол қауіпсіздігіне байланысты 461 құқық бұзушылық тіркелген.Соның ішінде 17 адам көлікті мас күйінде басқарғаны үшін жауапқа тартылса,67 адамға жаяу жүргіншілер жолында ережені бұзғаны үшін хаттама толтырылған.Ал, қоғамдық тәптіпті бұзған үшін 199 хаттама толтырылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.