Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол мәселесі

c 17:11, 23/10/2019 c 724

0:00 / 0:00

Елбасы тапсырмасы бойынша биыл қолға алынған өңірдің оңтүстігіндегі Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын автокөлік жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары 3 учаске бойынша атқарылуда. Аталған жұмыстар алдағы жылы да жалғасатын болғандықтан бүгінде жол бойларына вахталық қалашықтар бой көтеріп, құрылысқа қажетті метариалдар тасымалдануда. Негізінен күрделі жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы - 245 шақырым. Мәселен Қазталов-Жәнібек- Бөкейорда автожолының құрылысы  үш жылда толықтай  аяқталуы тиіс. Жөнделуге тиісті жолдың жалпы ұзындығы 50 шақырым. жұмыстың баяу жүргізіліп жатқанын сала мамандары жасырмайды. Оның өзіндік себебі бар. Ол жол құрылысына қажетті шикізаттардың өзге аймақтардан тасымалданатыны. Қазір Ақтөбе қаласынан қиыршықтас әкелу жөнінде келісімшарт жасалып, теміржолмен тасымалдау сұрақтары шешілуде. Ал облыс бойынша биыл 150 шақырым жол жөнделу жоспарланған. Айта кету керек жол мәселесі облыста өзекті күйінде қалып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.