Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жол белгілері жоғалған

c 16:48, 14/01/2020 c 534

Оралдағы "Ескі әуежай" атанып кеткен шағын аудандағы жол бойына қойылған қауіпсіздік белгілерінің тең жартысы бүлінген. Бірқатары жоқ болса, енді бірі сынған. Осы орайда қалалық тұрғын үй коммуналдық шарушалығы және тұрғын үй инспекциясының мамандары қадағалау жүргізіп, белгілерді қалыпқа келтіру үшін құзырлы мекемелерге хабарлама жіберуде.Орал қаласында шамамен 1000-нан аса көше болса, олардың барлығына жол қауіпсіздігінің алдын-алуға бағытталған белгілер орнатылған. Яғни жол жүру ережелерінің сақталуында олардың өзіндік орны бар. Осы белгілер орталық көшелерде қаздай тізіліп, тәртіптің сақталуына себеп болса, шеткі аудан жолдарында жағдай мүлдем өзгеше. Осы орайда сала мамандары көлік жүргізушілерімен тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізуде. Мұндай шаралар жүйелі түрде атқарылып жатса да нәтижесіз дейді сала мамандары. Деседе жауапты мекемелер бұл олқылықтың орнын толтырамыз дейді. Өйткені тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда. Ал Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары белгілердің бұған дейін болған-болмағанынан хабарсыз. Тек жол жүру ережелерін көлік жүргізушілері естен шығармаса дейді. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шарушалығы және тұрғын үй инспекциясының мамандары шеткі көшелерді бақылауды одан әрі жалғастыратын болады. Бұзақылық әрекеттерге жол берілген факті анықталған жағдайда шара қолданылмақ.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.