0:00 / 0:00
Көкшетауда жоғалып кеткен төрт жасар баланың денесі ашық құдықтан табылды. Қайғылы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, 8 қазанда қалада кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабар түскен. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылған. Алайда іздеу барысында баланың денесі ашық құдықтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция қылмыстық іс қозғап, тиісті тексеру жүргізуде. Тергеу мүддесіне және жеке деректерді қорғау талаптарына байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.







