Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жоғалған норма

c 01:15, 30/04/2020 c 526

0:00 / 0:00

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің өздеріне ғана емес, сонымен қатар отбасы мүшелеріне де сыйлық қабылдауға тыйым салынады.  Осыған орай Парламент Мәжілісі кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарады. Талқылау барысында мәлім болғандай, депутаттар бұл жобаға құқық қорғау органдары, жемқорлықпен күрес агенттігі және арнайы  органдардың қызметкерлерін қылмыстық істі жүргізу барысында лауазымын асыра пайдаланғаны үшін немесе тергеу барысында жалған деректерді тіркеп, азғыру фактілерін қолданғаны үшін қылмыстық жауапқа тарту нормасы енбей қалған деп отыр. Бір сөзбен айтқанда бұл норма заң жобасын Парламентке әкеле жатқанда жоғалып қалыпты. Мәжілістің онлайн жалпы отырысынан толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді қамтитын бұл заң жобасына сәйкес, енді қазақстандық  мемлекеттік қызметшілердің өздеріне ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне де сыйлық қабылдауға тыйым салынып отыр.

Заң жобасындағы тағы бір жаңашылдық,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер тарайтын тұлғаларға сыйлық сыйлауға мүлде тыйым салынып отыр. Ал мемлекеттік қызметшіге немесе оның отбасы мүшесіне сый ретінде шотына ақша аударылып, олар  бұдан хабарсыз болса. Ондай жағдайда шотқа түскен ақша жеті күн ішінде мемлекеттік бюджетке аударылуы тиіс.Бір қызығы, жемқорлықпен күресті күшейтетін заң жобасында осы орган қызметкерлерінің құқық қорғау органдарының жауапкершіліігін арттыратын норма енбей қалыпты. Талқылау барысында осыны аңғарған депутаттар  құқық қорғау органдары, жемқорлықпен күрес агенттігі және арнайы  органдардың қызметкерлерін қылмыстық істі жүргізу барысында лауазымын асыра пайдаланғаны үшін немесе тергеу барысында жалған деректерді тіркеп, азғыру фактілерін қолданғаны үшін қылмыстық жауапқа тарту нормасы неге жоқ деп даурықты.  Бір сөзбен айтқанда бұл норма заң жобасын Праламентке әкеле жатқан жолда жоғалып отыр. Ал бұл ел Президентінің тікелей тапсырмасы болатын. Палата төрағасы мемлекет басшысының нұсқауын пысқырмаған құзырлы орган өкілдеріне  сын айтты.

Нұрлан Нығматулин- ҚР парламент мәжілісінің төрағасы; «Не болып қалды, неге бұл норманы бізге келе жатқан жолда жоғалтып алдыңыздар? Маған оыс жағдайды елестетудің өзі қиын боп тұр. Президент жария түрде осы норманы әзірлеп енгізуді тапсырды.Сіздерге осы мәселе жүктелді. Сіз жобамен мында келіп тұрсыз, ол норма жоқ. Депутаттардың есінде бәрі.Оны енгізді. Сіздер келістіңіздер басында. Бұл норманы Қылмыстық кодекске енгізу керектін. Ал сіздер енгізбей отырсыздар. Мемлекет басшысы айтты ма, оны орындау керек.Бұл барлық құқық қорғау органдарына қатысты мәселе.Бұл сіздерге үлкен сын. Мәжіліс бұл норманы Қылмыстық кодекске енгіземіз. Екінші оқылымда бұл мәселе қаралатын болады».

Депутаттардың алдында сабақ  оқымай келген баладай күй кешкен заң жобасын қорғап тұрған Бектенов мырзаға, ішкі істер министрлігі өкілдеріне бұл келеңсіздікпен келісуге тура келді. Ал Мәжіліс аталмыш норманы екінші оқылымда қарау барысында енгізетін болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.