Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жерді тиімді пайдалану

c 17:55, 21/09/2020 c 502

0:00 / 0:00

БҚО-да 2020 жылы пайданылмаған 24 жер телімі мемлекет меншігіне кері қайтарылды. Қазынаға қайта берілген жер көлемі 17,7 мың гектарды құрап отыр. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында белгілі болды. Аймақ басшының төрағалығымен өткен отырыста жер ресурстарын басқару мен пайдалану және қорғау тиімділігі талқыланды.

Облыс әкімдігінде өткен жиында игерілмей жатқан жер телімдерінің мәселесі талқыланды. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, биыл мемлекет меншігіне 17,7 мың гектар жер қайтарылған. Бұл жерлерді кәсіпкерлер жалға алып, бірақ жұмыс жасамапты. Мамандар оларға ескерту берген. Бірақ оған құлақ аспапты. Ал 44 жер телімінің иесі ескертулерді түзетуге кіріскен. Мамандардың есебін тыңдаған облыс әкімі жерді игеруде көмек сұраған жандарға қол ұшын беру керектігін айтады.

Жиында қала әкімі де игерілмей жатқан жерлерге қатысты атқарған жұмыстарын баяндап шықты. Орал қаласының жер аумағы 73 мың гектарды құрайды. Оның 43 мың гектары ауыл шаруашылық жерлеріне арналған. Шаһар басшысы өз есебінде жерді жалға алып, бірақ жұмыстанбаған кәсіпкерлердің тізімін жіпке тізді.

Ертеректе, кәсіпкерлерге жер телімдері сұрау бойынша берілген еді. Бірақ 2018 жылы заңнамаға өзгерістер еніп, жер телімдері аукцион арқылы немесе конкурстық негізде беріліп келеді. Облыс әкімі осы орайда Абат Шыныбековке жерді алып, жұмыс жасамайтын кәсіпкерлердің жолын кесу үшін арнайы механизм жасақтауға тапсырма жүктеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.