Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жемқорлықпен күрес

c 18:02, 01/04/2019 c 538

0:00 / 0:00

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресу- барша адамзаттың парызы. Елдің гүлденіп дамуына тұсау салатын, қылмыс санын арттырып, адам құқығының аяққа тапталуына мүмкіндік жасайтын жемқорлық атаулыдан келетін кесел көп. Осы індетпен күресу үшін Қазақстан Республикасының аумағында 2015-2025 жылдарға арналған арнайы стратегия қабылданған еді. Аталмыш құжатта қылмыспен барша қоғам болып күресуі керек деп айтылған. Осыған байланысты 2016 жылдан бастап жемқорлықтың жолын кесу үшін арнайы мониторингтік топ құрылды. Қазіргі таңда облыс аумағында жұмыс жасайтын арнайы топтың құрамында 24 батысқазақстандық бар.

Марат Қайырғалиев есімді оралдық кәсіпкер жемқорлықпен барша қоғам болып күресу керек деген пікірде. Ол кезінде мемлекеттік қызметте еңбектеніп, тіпті мемлекеттік корпарацияда қызмет жасапты. Ал, бүгінде өз кәсібін ашқан азамат, қоғам белсендісіне айналған.

Табысты кәсіпкер бүгінде қоғамның үздіксіз дамуы үшін белжазбай еңбектеніп, үнемі жемқорлықпен күресу керек,- дейді. Қоғам белсендісі түрлі мемлекеттік қызметкерлермен бірлесе отырып, заңнаманы аяққа таптамау үшін арнайы рейд жұмыстарын жүргізіп отырады.

2016 жылдан бастап облыс аумағында сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін арнайы мониторингтік топ құрылған-ды. Сала мамандары бүгінде қоғамның індетімен күресем деген жандардың қатары өсіп келе жатыр,- дейді. Мәселен, өткен жылы аталмыш топтың құрамында 16 адам болса, бүгінде олардың саны 24-ке жеткен.

Сыбайлас жемқорлық- қоғамның індеті. Кеселмен күрес- барша адамзаттың қасиетті парызы. Елімізде ел үшін қызмет жасайтын жандардың қатары көбейсе, нұр үстіне нұр болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.