Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жекпе-жектен турнир өтті

c 11:39, 07/10/2019 c 685

0:00 / 0:00

Тасқала ауданында жекпе-жектен жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті. Спорттық шараға 7 команда бақ сынауға келіпті. Аталмыш жарыс жас ұрпақты Отансүйгіштік пен олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін керек,- дейді ұйымдастырушылар.

Тасқала ауданында ұлттық спорттың түріне жататын жекпе-жек өткен жылдан бастап дами бастады. 2018 жылы аудан көлемінде алғаш рет жекпе-жек өнеріне қызыққан жасөспірімдер үшін үйірме өз жұмысын бастапты. Қазіргі таңда тасқалалық 50 өрен шеберліктерін шыңдауда. Жас спортшылардың бағы мен бабын үнемі шынықтыру үшін жарыстар көптеп ұйымдастырылуы керек. Сала мамандары осындай жарыстың екі жыл қатар өтіп келе жатқанын айтады. Мақсат біреу-баланың спортқа деген қызығушылығын арттырып, бос уақытын тиімді пайдалануды үйрету.

Тасқала төрінде ұйымдастырылған турнирде бақ сынау үшін келген жас спортшылардың арасында шаршы алаңға бірінші рет шығып, байқауда алғаш рет өнер көрсеткендер де болды.

Жалпы Тасқала ауданында бұқаралық спортты дамыту үшін біркелкі шаралар қолға алынған. Елбасының бұқаралық спортты дамытуға арналған тапсырмасын орындауға ауданның атқарушы билігі мен қоса атымтай жомарт жандар да атсалысып жүр.

Ал, Тасқалада өткен облыстық сайыста жеңімпаз атанған жас спортшылар келер жылы көктемде ұйымдастырылатын республикалық байқауда бақ сынамақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.