Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЕДЕЛ САТЫНЫҢ ЖЫРЫ БІТЕР ЕМЕС

c 18:38, 23/09/2021 c 1852

0:00 / 0:00

Облыс орталығындағы Гагарин көшесі 2/8 мекенжайындағы көпқабатты үйдің тұрғындары жедел сатының істен шығуынан зардап шегуде. Лифті осыдан бес ай бұрын сынып қалыпты. Көктемнен бері жоғарғы қабатта тұратын қариялар мен кішкентай баласы бар аналар қиындық көруде. Олар пәтерлеріне кіріп-шығудың өзі бір машақат екенін айтады.

Бұл -2006 жылы пайданалуға берілген көпқабатты тұрғын үй. Көп жылдан бері алаңсыз өмір сүрген тұрғындардың жедел сатысы істен шығып, қиындыққа тап болған. Жоғарғы қабатта тұратын қариялар бұрынғыдай қалаған уақытында көшеге серуендеуді қойған. Олар сыртқа шықса, үйге қайта жетулері үшін көтерілулері мұң. Мына қария төменге түсуі үшін жарты сағат, ал үйге дейін 9-қабатқа көтерілуі үшін 1 сағат уақыт жұмсайтынын айтады. 10-шы қабатта тұратын, дамуында ерекшелігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар да қиналып отырғандарын жеткізді.

Тұрғындар жедел саты мәселесін көтеріп, ПИК-ке барған. Олармен жолыққымыз келгенімен іздеп, табу мүмкін болмады. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарына тұрғындардың сауалын жолдап көрдік. Жауап мынандай.

Мамандардың таратқан ақпарына сүйенсек, Орал қаласында 1200-ден астам көпқабатты тұрғын үй бар. Бес қабаттан биік үйлердің көбіне жедел саты орнатылған. Қазіргі таңда 500-ге жуық жедел саты бар. Оның 70 пайызының тозығып жетіпті. Жөндеу қажет.

Мамандардың жауабынан түсінгеніміз, Гагарин көшесі 2/8 мекенжайының тұрғындары жедел сатыны жөндеу үшін өздері ақша жинайды немесе мемлекеттік бағдарламаға қатысады. Ол үшін үй тұрғындарының көбі жаңғырту өткізуге келісім беруі шарт.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.