Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңақала жастары

c 23:30, 30/01/2019 c 1008

0:00 / 0:00

Жастар жылы жаңақалалық жастар үшін үлкен жаңа жобалармен, бұрын соңды болмаған бастамалармен басталып жатыр. Мәселен, күні кеше аудан орталығында жастарға арналған «Самғау» атты арнайы коворкинг орталығы ашылған. Бүгін аталған ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің бірінші жаңа орынбасары Ғали Есқалиев «Рухани орталық» жанынан ашылған жастардың «Самғау» коворкинг орталығымен танысып, аудан жастарының биылғы жыл бойына жоспарлап отырған жұмыс қадамдарына қанықты. Сонымен, жаңақалалық жас буын биылғы жастар жылында қандай жұмыстарды қолға алмақ? 

Аудан орталығында осыдан үш жыл бұрын ашылған «Рухани орталықтағы» рухани-мәдени ұйымдардың қатары жақында тағы бір орталықпен толықты. Ол «Самғау» жастар коворкинг орталығы. Атаулы нысан аудандағы жастардың ұйымдастырсам деген қай-қай шарасының да басы қасынан табылып, үнемі қолдау білдіріп отырады. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға арналған ұйым заманауи құрылғылармен жабдықталып, барлық қажетті жабдықтармен қамтылған.

Бұндай коворкинг орталық аудандық кітапхана жанынан да жабдықталған. 224 мыңнан астам кітап қоры бар кітапхана қазір заман сұранысына сай әртүрлі бағытта жұмыстанып, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен жиі кездесулер ұйымдастырып тұрады. Бүгінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде тарихы терең Жаңақала өңірінің құнды деректері жинастырылып жатыр.

Бүгінде Жаңақала ауданында алты мыңға тарта жас буын бар. Жастар қауымына жергілікті биліктен бұған дейін де көп көңіл аударылды. Мысалы, өткен жылы 78 жас жастар практикасына, 50 жас «жасыл ел» бағдарламасына жолданса, 250-ге тарта жастарға арналған түрлі іс-шара ұйымдастырылған. 30 маманға 5 миллион теңге көлемінде көтерме қаржы берілсе, 25 маманға баспана алуға 79 миллион несие рәсімделген. Ал осы жастар жылына жоспарланып тұрған жұмыстар ауданда бастан асады.

Алда аудан орталығында «Ақ отау» жастар демалыс алеясын жасақтау, «Жаңақала жастары» мега-жобасын бастау, «Жасыл ел» еңбек жасағына қатысатын жастардың санын арттыру сынды жұмыстар басталмақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.