Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа жылдық сыйлықтар

c 17:14, 05/12/2019 c 682

0:00 / 0:00

Жаңа жыл қарсаңында бәріміз жаңа жылдық сыйлықтар іздейміз. Жақындарымыздың жанын жадырататын сый іздеу көңілге қуаныш сыйлағанымен, нарық өз заңдылықтары бойынша жұмыс жасайды. Мереке жақындаған сайын тұрмыстық техниканың бағасы шарықтайтыны рас. Бұл заңдылыққа тойтарыс беру үшін "Мечта" дүкендер желісі жеңілдіктер науқанын ұйымдастырып отыр. Науқан желтоқсанның алтысы мен 9-ы аралығында өтеді.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында "Мечта" дүкендер желісі кезекті мәрте жеңілдіктер науқанын ұйымдастырады. Мереке қарсаңында дүкендегі барлық тауарды арзан бағамен сатып алуға болады. Науқан барысында теледидар, кір жуатын машина, ас үйге қажетті техника мен ұялы телефон, ноутбуктер мен компьютерлердің алуан түрін қалтаға салмақ салмай, сатып алудан қапы қалмаңыздар. Сондай-ақ, дүкен сөресіндегі барлық тауардың құнын 12 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі де қарастырылып отыр. Сала мамандары "Мечтада" бір тауарға 20 пайыз, екінші тауарға 50 пайыз, ал үшінші және төртінші тауарға 70 пайыздық жеңілдік жасалып отырғанын айтады.

"Мечта" дүкендер желісі сіздерді Құрманғазы көшесі 69 мекенжайында орналасқан "Азиза" сауда үйі мен Сырым Датов көшесі 10-1 мекенжайында асыға күтеді. Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылатын жеңілдіктер науқанынан қапы қалмаңыздар.

 

Оператор: Олег Писаренко

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.