Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа  жылда туғандар

c 18:11, 05/01/2020 c 666

0:00 / 0:00

Жаңа жылмен бірге, жаңа өмір келді. Тышқан жылы есігін ашқан сәтте яғни қаңтардың 1 мен 4 аралығында елордада 294 нәресте дүниеге келді. Бұл Нұр-Сұлтандағы 4 перзентханада туған балалар саны. Дәрігерлер жаңа жылдық мерекеде бэби бум болған жоқ, күндегі норма бойынша бір перзентханада 25-30 баладан туып жатыр дейді.

Жаппай жаңа жылдық мерекені тойлап жатқанымызда, перзентханаларда жұмыс үзілмейді. Себебі, дүние есігін ашқалы тұрған сәбилерді қарсы алу үшін ақ халатты жандар аяқтан тік тұрып жұмыс істейді. Жаңа жылдың алғашқы төрт күнінде Нұр-Сұлтанда 294 нәресте дүниеге келді. Қыз балалардың саны басымырақ. Дәрігерлер жаңа жылдық мерекеде бэби бум болған жоқ, күндегі норма бойынша бір перзентханада 25-30 баладан туып жатыр дейді. Мысалы, біз бас сұққан 2 перзентханада осы күндері 100 аса сәби дүние есігін ашты.

Тоғыз ай, тоғыз күн күткен сәбиін құшағына алған  аналардың жүзі қуанышқа толы. Дені сау баланы дүниеге әкелу ана үшін басты міндет есеп пе. Жаңа босанған аналардың дәрігерлерге ризашылығы шексіз.

Ал жаңа жылдан бастап жәрдемақы өсті.   Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.Бірінші, екінші, үшінші балаға –100 мың теңгеден астам,төртінші және одан кейінгі балаларға 167 теңге беріледі.  Жаңа жылдың тағы бір жаңалығы- көпбалалы отбасыларына әлеуметтік жағдайына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 4 балаға – 42 жарым мың теңге; 5 балаға – 53 мың теңгеден аса; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 мың теңгеде аса жәрдемақы төленеді. Оған биыл қазынадан 17 млрд теңге бөлінді. Бұл жәрдемақыны 346 мыңнан астам отбасы алатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.