Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа спорт мектебі ашылды

c 15:55, 20/09/2021 c 997

0:00 / 0:00

Облыс орталығында мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебінің жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты жиынға бокстан Рио Олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусінов қатысты.

Қала күнінде Зашаған кентінде Олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебі ашылды. Жаңа ғимарат ел намысын түрлі додада қорғайтын спортшыларды тәрбиелеуге бағытталмақ.

Жас спортшыларды құттықтауға бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов арнайы келді.

Спорт мектебі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ғимаратта волейбол, баскетбол, гондолға арналған ойын залы, боксшыларға арналған екі ринг бар. Су жаңа рингте атақты спортшы жас өренге қолтаңба беріп, жеңіске жету үшін қажет ақыл-кеңестерін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.