Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа нысандарды салған мердігерлерді абаттандыруға да жүктеуі мүмкін

c 17:48, 01/03/2018 c 694

0:00 / 0:00

Жиын барысында тек екі мәселе талқыға түскенімен, тақырыптың өзекті екені анық. Абаттандыру мен қалдықты өңдеу. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының айтуынша, 2017 жылы кәсіпкерлер мен студенттердің күшімен 70 мың ағаш отырғызылған. Алайда, егілген жасыл-желек, мезгілі жетпей жатып, қурап-солып қалып жатады. Жиында сөз алғандар бұны күтімнің жоқтығымен байланыстырады.

Амангелді Дәулетжанов
БҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысы

Көпқабатты тұрғын үйлерге, мектептер мен балабақшаларға және басқа да осы сияқты нысандарға Жобалық сметалық құжаттаманы дайындаған кезде, міндетті түрде абаттандыру мәселесін де қолға алу қажет. Олай болмаған жағдайда, нысан пайдалануға берілмеуі тиіс.

Күл-қоқысты қайта өңдеп, жою да өзекті мәселеге айналған. Облыста жыл сайын 108 мың тонна қалдық жиналады, бүгіннің өзінде 6,2 млн тонна қоқыс көміліпті. Елімізде ірі қоқысөңдеу зауыттарын салудың тиімсіз екенін тәжірибе көрсетіп отыр, ал шағын және орта кәсіпкерлік нысандарындағы қалдықты бөлектеп жинау, сұрыптау жүйесін әлі дамытуға болады.

Айсұлу Әбдірахманова
БҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы

Бұл мәселені шешу үшін үкімет арнайы басқару құралдарын құрды. Экологиялық кодекске заңнамалық деңгейде көптеген өзгеріс енгізілді. 2019 жылы экологиялық кодекстің 301-бабы күшіне енеді. Оған сәйкес, сұрыпталмаған қоқысты полигонға көмуге болмайды. Біздің уақытымыз аз қалды. Заңнама күшіне енген соң, департамент мамандары тексеріске шығады, түптеп келгенде ауыл әкімдеріне айыппұл салынатын болады.

Жиында мәлім болғандай, 2040 жылға дейін елде қоқыстың 40 пайызы өңделуі қажет. Әзірге тек 2 пайызын ғана өңдеу мүмкін болып отыр.

ИГОРЬ СТЕКСОВ
БҚО әкімінің орынбасары

Энергетика министрлігімен бірлесе отыра 2020 жылға дейінгі 4 жол картасы қабылданып, тұрмыстық қатты қалдықты өңдеу, сұрыптау жобасы қолға алынбақ. Бұл Бөрлі, Теректі, Зеленов және Орал қаласы. Мәселен Шыңғырлау ауданында қазірдің өзінде қалдықты сұрыптап жинау ісі қолға алынған.

Облыс әкімінің орынбасары халықтың мәдениетін арттыруды баса назарға алу керектігін тілге тиек етті.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.