Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа министрлік құрылды

c 21:02, 11/09/2020 c 497

0:00 / 0:00

Президентінің Жарлығымен Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды. Осылайша, жолдауда айтылғандай төтенше жағдайлар комитеті ішкі істер министрлігінің құрылымынан бөлініп шығып, жаңа министрлік құрылды.

Осыдан алты жыл бұрын ТЖМ жабылып, 2014 жылы аталмыш  құрылым ішкі істер министрлігіне қосылып, комитет статусын алғанды. Алайда, Президент өзінің жолдауында төтенше жағдай құрылымын жеке дара министрлік етіп құрған жөн деді. Себебі, табиғи және техногендік апаттар дәуірінде Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет дегенді айтқанды Тоқаев. Көпке ұзамай, бұл шаруа да шешімін тапты. Бүгіннен бастап елімізде тағы бір министрлік пайда болды. Ал Президенттің Жарлығына сәйкес,  ТЖМ осыған дейін ішкі істер министрінің орынбасары болған Юрий Ильин тізгіндеді. Су жаңа министр ТЖ комитеті құрылымдық бөлішелері түгел енді құрылған министрлікке өтеді деді.

Юрий Ильин –ҚР төтенше жағдайлар министрі «ТЖМ құрылымына Төтенше жағдайлар комитеті құрылымдық бөлімшелерімен толықтай енетін болады, сондай-ақ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті бөлімшелері және Ішкі істер министрлігіне бұдан бұрын берілген басқа да қызметтер кіреді. Еңбекақы төлеу қорын арттыру, жаңа қызметтер санатын енгізу мәселесі бар. Еңбекақы төлеу қоры бойынша 233 млн теңгеге жуық өсім қарастырылған».

Министрдің өмірбаянына тоқталсақ Юрий Ильин  1968 жылы 9 сәуірде Ресейдің Куйбышев қаласында туған. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты. Мәскеуде әскери білімін жалғастырған. Еңбек жолы Ресей, Украинадан бастау алады.   1996 жылдан  бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасында істеп, одан арғы қызметі Қазақстанда жалғасқан.  2016 жылдан бері  Қазақстанның Ішкі істер министрінің орынбасары болып, енді ТЖМ дәрежесіне жетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.