Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа қазақ әліпбиінің емлесі талқыланды

c 10:17, 08/11/2018 c 1603

0:00 / 0:00

Бүгін облыс орталығында "Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғы шарттары және емле ережелерін көпшілік талқылау " атты кездесу болды. Аталмыш шараны Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырып отыр. Тіл жанашырлары педагогтар мен студенттерге және өзге әлеуметтік топтармен кездесіп, неліктен жаңа қазақ әліпбиінің енгізіліп жатқандығын түсіріндірмек.

Қазақ жазуы талай ғасырда түрлі графиканы бастан кешті. 5-7 ғасырда түрік тілдері руникалық жазумен жазба қалдырса, қазақ халқы 8 ғасырдан бастап араб жазуымен жазса, 1929-1940 жылдар аралығында латын графикасымен пайдаланды. Ал, 1940 жылдан бастап күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан кириль жазуы саяси мақсатпен қолданысқа енгізілген. Өткен жылы Елбасы қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыру үшін қаулы қабылдап, жаңа әліпбидің нұсқасын да бекіткені мәлім.

Көпшіліктің көкейінде қыруар қаржы жұмсап, жаңа әліпбиге неге көшу керек деген сұрақ болғаны рас. Бүгінгі кездесуге келген мамандар тарихи шешімнің болашақ жастар үшін жасалынып жатқандығын тілге тиек етті.

Қазіргі таңда латын графикасының емлесі қоғамда талқыланып жатыр. Парламент өзгертулер қабылданғаннан соң, ғалымдардың тұжырын бекітуі шарт. 2019 жылдан бастап бірінші рет мектеп табалдырығын аттанған бүлдіршіндер қазақ тілін латын графикасымен оқымақ. 2020 жылдан бастап жергілікті органдардың іс қағаздары ауыспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.