Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа алаңдағы нысан бұзылып жатыр

c 17:49, 12/04/2018 c 1542

0:00 / 0:00

Кеше түнде шаһардағы жаңа алаңда бой көтерген тәуелсіздік монументінің тастары түсіп, құлай бастаған. Нысан құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Ал қалалық құрылыс бөлімінің мамандары монументтің әлі пайдалануға берілмегенін алға тартып отыр. Мердігерлер анықталған ақауларды қалпына келтірмек.
Иншум
Мемлекеттік туымыз нығайтылған тұғырдың темір тұрбасы қазір желден теңселіп тұр. Ал тутұғырдың өзі болмашы соққының өзінен де қозғалады. Көз көргендердің айтуынша, монументтің гранит тастары кеше түнде құлай бастаған. Тұрғындар қазір нысанға жақындау қауіп дегенді айтады. Себебі бүгінге дейін монумент маңы оқшауланбаған болатын.
Қалалық құрылыс бөлімінің мамандары нысанға 12 сәуір күні мамандардың барып, қарағанын жеткізді. Алайда, тастардың құлау себебі әлі анықталмай отыр.
Тәуелсіздік монументі жаңа алаңның басты ерекшелігі екені рас. Алаң құрылысына 1,5 млрд теңге қаражат бөлінген болатын.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.