Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Зенит зауыты кеме құрастырмайды

c 17:23, 04/05 c 1801

0:00 / 0:00

Биыл Зенит зауыты теңіз күзетіне арналған кеме құрастырған жоқ. Бұл туралы "Зенит" АҚ директоры Вячеслав Валиев мәлімдеді. Оған негізгі себеп-өндіріс ошағы бұл жолы мемлекеттік тапсырыстан құр қалыпты.Соғыс жылдарында бұл зауытта жарылғыш заттардың 20-дан астам түрі жасалған. Солардың арасында жауға қарсы қолданылған зәкірлі минаның жөні бөлек. Торпедолық жою құралдарының көмегімен жаудың 5 мыңнан астам жүзу құралының көзі құртылған. Ал тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде кәсіпорында 30-дан аса су көлігі құрастырылса, биыл кеме жинау жұмысы мүлдем орындалған жоқ. Алайда зауыттың 700-ден аса қызметкерін сақтап қалу мақсатында ірі өндіріс ошағы мұнай өңдеу саласымен айналысушы кәсіпорындарға қажетті құбыр түрлерін шығару және жеткізумен шұғылдануды қолға алыпты.
Бұл мәселеге қашан нүкте қойылары әлі белгісіз. Зениттің бүгінгі халі жергілікті билікке де белгілі. БҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары өңірдегі іргелі кәсіпорынға тапсырыстардың болмай отырғанын жасырмады. Жуырда өңірге іс-сапармен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен кездесуде өнідіріс орнындағы мәселелер айтылған еді. Зауыт өкілдері үкімет басшысы назарына іліккен бұл түйткілді мәселенің күрмеуі алдағы уақытта шешілеріне сенімді. «Зенит» зауытына тапсырыстың жоқ екені осыдан екі жыл бұрын көтерілген еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.