Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ыстық су беру уақытша тоқтатылады

c 16:16, 19/04/2022 c 529

0:00 / 0:00

Оралда ыстық су беру уақытша тоқтатылады. «Жайықжылуқуат» АҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұл жұмыстар ертеңнен, яғни 20 сәуірден басталады. 19-шы мамыр мен 17-ші маусым аралығында Орал қаласында жылу желілерін гидравликалық сынау жұмыстары жүргізіледі. Бұл шара жыл сайын ұйымдастырылады. Осы орайда коммуналдық мекеме өкілдері: "Жаз бойы немесе бір ай мерзім көлемде ыстық су тоқтатылады"- деген жалған ақпарат екенін мәлімедеді. Әрі кеткенде бұл жұмыстар үш күнге созылуы мүмкін. Оның үстінде су айыру жұмыстары аудан-ауданға бөлініп, кезең- кезеңмен жүргізіледі. Осы орайда тұтынушылар сынаулардың өту кезеңіне жылу пункттері мен басқару тораптарындағы ішкі жылумен, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін және желдетуді айыруға тиісті. Қазір тұрғындардың мекемеге қарызы 400 млн. теңгеден асады. Бұл қарыз жылыту маусымы басталғанға дейін өндірілуі тиіс. Құбырлар жарылып, жылу тасымалдағыштың жылыстауы анықталған жағдайда 23-95-07 немесе 8-747-162-27-47 байланыс нөміріне хабарласуға болады. Биыл жазғы маусымда құбырларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмейтін көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.