Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халық алдында есеп береді

c 15:37, 13/01/2020 c 540

0:00 / 0:00

Жылдың басында әкімдердің халық алдында есеп беру шарасы басталады.  Биыл да  дәстүр бойынша бір жылда атқарылған жұмыстар тұрғындар алдында сараланбақ. Мәселен қала бойынша бірінші есепті Круглоозерный ауылдық округінің әкімі Ашығалиев Тимур 28-ші қаңтарда бастайды деп жоспарланып отыр. Жыл басы - өткен бір жылда барлық деңгейдегі әкімдер тарапынан атқарылған істерге халық алдында есеп беріп, алда тұрған міндеттерді айқындайтын, жаңа межелерге жоспар құратын кезең. Орталық атқарушы  органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа  есеп беру кездесулері Президент жарлығына сәйкес жылдың алғашқы тоқсанында  өткізілетін болады.  Бірер аптадан  соң басталатын шарада бір жыл бойы атқарылған жұмыстар тұрғындар алдында сараланып, алдағы жұмыстар жоспары таныстырылады.Осыған орай қазіргі кезде Орал қаласы мен аудандарда арнайы жәшіктер орнатылып, тұрғындардың ұсыныс-тілектері, ескертпелері жинақталуда.12 аудан мен Орал қаласы әкімінің есептік кездесулері ақпан айының ортасында аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.