Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"WORLDSKILLS ORAL"

c 15:00, 24/04/2019 c 955

0:00 / 0:00

Орал қаласында "WORLDSKILLS ORAL" ұлттық чемпионатына іріктеу басталды.БҚО -ның кәсіптік колледждарында білім алып жатырған студенттер енді өздерін тәжірибеде көрсетіп, мықты маман екендіктерін дәлелдеуі керек.Ал, студенттерге бағаны әр саладан келген сарапшылар береді.Бұл жерде кәсіптік бағытта білім алып жатырған студент жастар жиналған.Ұлттық чемпионатта барлығы 155 студент бақ сынайды.Олар әр сала бойынша қатысады, бірі шаштараз, екіншісі аспаз, үшіншісі дәнекерлеуші болуы мүмкін.Студенттік жылдары алған білімдерін сынға салатын уақыт келді.Ал, студенттерге бағаны кәсіби сарапшылар береді, олардың саны 148 адам.Жалпы бұл шара жұмысшы мамандық иелері үшін өздерін жақсы қырынан көрсетіп, кейін жұмысқа орналасуына ықпал жасайтын негізгі баспалдақ.Себебі конкурс барысында үздік танылып, өз шеберлігін көрсеткен баланы кез - келген кәсіпорын жұмысқа қабылдауға ұсыныс білдіруі мүмкін.
Бұл шараға 12 колледж қатысып жатыр.Жұмысшы мамандықтарын дайындайтын оқу орындары осылайша өз студенттерінің кәсіби біліктілігін сынайды.Бұл жерде қаламыздағы белді кәсіпорындар, сұлулық салондары, кондитер өнімдерін дайындайтын фабрика жетекшілері бар.
Бұл шара осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр, жеңімпаздар еліміздің бас қаласында өтетін ұлттық чемпионатқа жолдама алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.