Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Вирус жұқтырған мұғалімдер жауапкершілікке тартылды

c 17:11, 17/11/2021 c 1079

0:00 / 0:00

Оралда коронавирус жұқтырған білім беру саласының мамандары емін-еркін көше кезіп, тіпті сауда үйлеріне де барған. Олардың вирус жұқтырғаны ашық мобильді қосымшасы арқылы белгілі болған. Бұл туралы облыстық коронавирусқа қарсы жедел штаб отырысында айтылды. Жауапкершілікке тартылғандар қатарында 1, 10, 23 мектеп мұғалімдері мен 14-ші балабақша тәрбиешісі бар. Айға жуық уақыттан бері ауру көрсеткіші төмендеуде. Қазір облыстағы амбулаториялық стационарлар толымдылығы 10 пайызды құрайды.
Бүгігі таңда мониторингтік топтар да өз жұмысын жалғастыруда. «Мақпал», «Нарын» және «Голд» мейрамханалары бойынша үйлестіру орталығынан шұғыл хабар келіп түсті. Соны қарау нәтижесінде 400 мыңнан астам теңгеге 3 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Олар "Ашық" мобильді қосымшасынсыз жұмыс жасаған. Ал ФСБ түнгі клубы таңғы беске дейін ешқандай санитарлық талаптарды сақтамай, келушілерді қабылдаған. Бүгінгі таңда оған полицейлер де, әкімдік те ешқандай шара қолдана алмай отыр. Өйткені түнгі клуб иесі айыппұл төлеп, жұмысын жалғастыруда. Коронавирусқа қарсы жедел штаб отырысын қортындылаған облыс әкімі жуық арада бұл мәселені бір жақты етуді құзырлы мекеме өкілдеріне тапсырды. Сонымен қатар, демалыс күндері көпшілік орындарға тек «жасыл» статусы бар тұрғындардың кіруіне рұқсат беру туралы шешім шығару керектігін де атап өтті.«Облыс бойынша 1-15 қараша аралығында «Ashyq» жобасы аясында 51 адамның карантин талабын бұзғаны белгілі болды. Соның 44-і - «қызыл», жетеуі - «сары» мәртебесі бар адамдар. Карантин талабын бұзғандарға қатысты 831 345 мың теңгеге 19 әкімшілік хаттама толтырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.