Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вирус өршіп тұр

c 19:00, 25/03/2020 c 788

0:00 / 0:00

Әлемнің 200-ге жуық еліне тараған қауіпті індет өршіп барады. Бүгінгі күні Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 79 адамды құрады. Оның 41-і Нұр-Сұлтандп,31-і Алматыда,Қарағандыда екеуі, Алматы,Жамбыл,Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында бір адамнан тіркелді. Елдегі төтенше жағдай мен екі мегаполис қаладағы карантин күшейтілген. Мемлекет басшысы коронавирус тараған төтенше жағдайда және әлемдегі экономикалық дағарыс барысында шенеуніктерден бас көтеріп,жылдам шешім қабылдап,жаңа режимде жұмыс істеуді талап етті

Күннен-күнге коронавирустың таралуы өршіп барады. Жұқпалы инфекция еліміздің 8 аймағына тарады. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында індет жұқтырғандар саны айтарлықтай көп. Денсаулық сақтау министрлігінен түсіп жатқан жағымсыз ақпарат сағат сайын өзгереді. Оған қоса шетелде демалып жүрген қазақстандық туристер елге оралуда. Бұл жағдай да індет жұқтырғандар санының артуына себепші болып отыр. Елорда әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша,бүгін дәрігерлер қалаға ұшып келген 16 рейсті қабылдады. Бұл 1300 адам. Ендігі 1200 адамның тест нәтижесі мәлім болды. Осының ішінде бір адамда коронавирус анықталды. Өздеріңізге мәлім,қазір шұғыл тест жасау жүріп жатыр. Еліміздің бас дәрігері Елжан Біртанов 260 мың экспресс-тест сатып алдық дейді. Ол ең алдымен созылмалы ауруы барларға,егде жастағы азаматтарға,иммунитеті төмен адамдарға жасалады.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 422,6мың адамды құрады. Әлемді жайлаған коронавируспен бірге экономикалық дағдарыс та қаббаттасып жатыр. Мұнай бағасы төмендеп,доллар шарықтады. Ел Президенті дағдарысқа қарсы өткізілген жиында қауіпті індетпен күрес шарасын күшейтуді,осы сын сағатта жұмыссыздар сағының артуына жол бермеу,халықты барлық қажетті азық-түлікпен қамтуды жіті тапсырды. Президент Мамин үкіметі мен Ұлттық банкке халықты,бизнесті қорғау мақсатында жылдам қозғалып,шешім қабылдауды тапсырды. Ал өз жұмысын атқара алмағандар қызметінен кетеді деп ескертті.

Ал коронавируспен күрес барысында Нұр-Сұлтан көшелерінде көліктер мен адамдар саны күрт азайды. Бүгінде мемлекеттік қызметкерлердің 70% қашықта жұмыс істеуде. Жекеменшік ұйымдарда жұмысшылары үйден немесе қысқартылған жұмыс күні режимінде жұмыс атқаруда. Қала көшелерінде тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірақ қалада бетперде мәселесі толық шешілмеді. Бір адамға бес данадан сатылады.Оның өзін кез-келген дәріханадан кездестірмейсің.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.